Прямая трансляция

Астана

Астана

4.02°C

Мұрат Әбенов: Мемлекет тарапынан барлық балаға бірдей жағдай жасалуы керек

Бүгін Сыр өңіріне сапары барысында Парламент Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Әбенов Шиелі ауданы тұрғындарымен кездесіп, сайлауалды бағдарламаның жүзеге асу барысымен танысты. Қабылданып жатқан заң жобаларын түсіндірді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Мұрат Әбенов: Мемлекет тарапынан барлық балаға бірдей жағдай жасалуы керек
Сурет: Мәжілістің Баспасөз қызметінен

Депутатпен кездесуге жүзден астам азаматкелді. Олар балаларды мектепке даярлауға берілетін қаржылай көмектің әділ бөлінбеуі, көп балалы отбасыдан шыққан жәнеәлеуметтік аз қамтылған балаларды мектепте ыстық тамақпен қамтамасыз ету, медицина саласындағы әлеуметтік қызметкерлердің, психологтардың жалақысының төмендігі, білім беру форматының өзгеруі, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударып отырған қаржыны тиімді пайдалану жөнінде ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.


Мәселен, ауыл тұрғыны Айнагүл Заировабала күтіміне орай екі немересіне мектепке даярлауға берілетін 40 мың теңгені ала алмай отырғандығын атап өтті. Оның айтуынша, қызы үш баласымен қолында отыр, екеуі мектепте оқиды. 

– Осы балаларға  көмек алу үшін құжат өткізсек, менің және атасының бір айлық табысын есептеп,  көрсеткіштен асып тұр, сол себепті сізге берілмейді деген жауап келді. Балалар менің қамқорлығымда емес қой. Бұл – бөлек отбасы. Неге ата-әжесінің табысы есептелу керек. Әлеуметтік жағдайы неге ескерілмейді. Оқушыларға мектепке дайындыққа берілетін 40 мың теңге әділ тағайындалса, – деді ол.

Азаматтардың пікірін назарға алған Мұрат Әбенов бұл мәселелер бойынша тиісті министрліктерге ұсыныс беретінін айтты.

– Барлық ауылда халықпен кездескенде көтерілетін мәселелер бірдей. Ол – медициналық қызметтің сапасы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмысы. Халық қорға  ақшасын төлейді, бірақ орнына алып жатқан сапалы  қызметі жоқ. Екінші мәселе – балаларға берілетін мектептегі ыстық тамаққа бөлінетін қаржы көлемінің әр алуандығы. Мәселен, бір ауылда бір балаға күніне тамақ ішуге 200 теңге, енді бір ауылда 400 теңге қарастырылған. Астана мен Алматыда 800 теңге, ал Назарбаев зияткерлік мектебінде 2000 теңге деген реніштер айтылып жатыр. Әрине, бұл өте орынды деп есептеймін. Себебі мемлекет тарапынан барлық балаға бірдей жағдай жасалуы керек. Сондықтан біз Парламент қабарғасында бұл мәселе бойынша тиісті министрліктерге стандарттар енгізужөнінде ұсыныс беретін боламыз, – деді Мұрат Әбенов.

 

Ақпарат көзі: Мәжілістің Баспасөз қызметі

«Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды