Прямая трансляция

Астана

Астана

7.82°C

«Сахнаға шығу жоспарымда жоқ». Адам танымастай күйге түскен Арман Қайназаров мәлімдеме жасады

Желіде Арман Қайназаров есімді әншінің мәлімдемесі пайда болды. Оның сөзінше, сахнаға оралатын жоспары жоқ, - деп хабарлайды Paryz.kz Massaget сайтына сілтеме жасап. 

«Сахнаға шығу жоспарымда жоқ». Адам танымастай күйге түскен Арман Қайназаров мәлімдеме жасады
Фото: видеодан скриншот

Ол ешқандай әнші өзіне қарыз емес екенін әрі продюсер іздеп жатпағанын жеткізді.

"Қолдау көрсеткендеріңізге рақмет. Соңғы болған жағдайларды өз аузымнан естіп-біліңіздер. 18 маусымда Тимур Нұғман бауырым көшеден тауып алып, бір күн қол ұшын берді. Сол үшін рақмет. Бірақ артынан көптеген жалған ақпарат таратқаны белгілі болды. Соңғы жағдайға байланысты "Нурикамал" авторы мен емеспін, жай орындаушымын. Ешбір әнші маған қарыз емес. Барлық әншіге ризамын. Бауырларым, туыстарым жанымда. Мені ешкім ренжіткен жоқ, өзім араққа тәуелді болғандықтан көшеге кетіп қалып жүрдім. Осы уақытқа дейін менің атымнан ақша жинаған жоқпыз. Менің атымнан ақша жиналып жатса, сенбеңіздер. Осы соңғы жағдай отбасыма, туыстарыма өте ауыр тиіп жатыр. Сондықтан жалған ақпараттарды жан-жаққа таратпауларыңызды сұраймын. Сахнаға шығу жоспарымда жоқ, продюсер іздеп жатқаным да жоқ. Ниеттеріңізге, көңілдеріңізге рақмет", - дейді ол.

Желі қолданушылары оған тек жақсы тілектерін айтқан.

"Міне нағыз ер азамат, өз өміріміз өз қолымызда, жақсы-жаман болуы да", "Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң" дейді. Алла тура жол берсін сізге", "Міне еркекше", - деп жазған олар.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Арман Қайназаров есімді жігіттің аянышты жағдайдағы видеосы кең тарағаны хабарланған еді. Ол өзінің Қызылорда облысынан екенін айтқан болатын.

 

«Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды