Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Хиджаб киген оқушыны соңғы қоңырауға қатыстырмады

Еліміздің мектептерінің бірінде хиджап киген оқушы қызды Соңғы қоңырау мерекесіне қатыстырмай тастаған, деп хабарлайды Paryz.kz Араша сайтына сілтеме жасап.

Хиджаб киген оқушыны соңғы қоңырауға қатыстырмады
коллаж: arasha.kz

Видеода анық көрініп тұрғандай, мектеп бітіру салтанатына хиджап киіп келген қызды мектеп әкімшілігі Соңғы қоңырау салтанатына қатыстырмаған.

"Менің кластастарым… осылай… қатысып жатыр. Ал мен… мені… сөйлей алмай жатырмын. Мені қатыстырған жоқ. Неге қатыстырған жоқ? Себебі мен хиджаптамын. «Хиджапта шықпайсың!» деп тұрып алды. Мен қатыса алмадым. Енді мен тек соңында суретке түсуге ғана шығамын. Ал былай, қастарында тұра алмаймын" – дейді видеодағы оқушы қыз.