Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Түсік жасатпақ болған»: Жаңаөзенде 14 жастағы қыз туған әкесінен жүкті болып қалды

Жаңаөзенде 14 жастағы қыз жасанды түсік жасау үшін перинаталдық орталыққа жүгінді, деп хабарлайды Paryz.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Түсік жасатпақ болған»: Жаңаөзенде 14 жастағы қыз туған әкесінен жүкті болып қалды
Фото: stan.kz

Іс полицияда «зорлау» бабы бойынша тіркелді.

Қыздың анасы орталыққа бірге келген. Дәрігерлер жүктілік мерзімі 13-14 апта екенін анықтады.

«Күдікті - жасөспірім қыздың туған әкесі. Іс «Зорлау» бабымен Жаңаөзен полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген», - делінген полиция хабарламасында.

Күдікті ұсталды. Полиция жағдайдың анық-қанығын тексереді.