Прямая трансляция

Астана

Астана

4.02°C

Қаржы пирамидасына алданған нұрсұлтандықтар Бас прокуратураға жүгінді

"Осыншама адам шағым түсіріп жатыр. Олар кінәні өзімізге аударады. Құқық қорғау органдары бізді қорғай алмай ма? Біз әділдікті қалаймыз", - деді жәбірленуші.

Қаржы пирамидасына алданған нұрсұлтандықтар Бас прокуратураға жүгінді
Фото: дереккөз

Нұр-Сұлтан полициясына "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" атын бүркенген қаржы пирамидасының құрбаны болған елорда тұрғындары ұжымдық өтінішпен жүгінді.  Бұл туралы TDK-42 телеарнасының сюжетінде көрсетілді, деп хабарлады paryz.kz.

Зардап шеккендердің айтуынша, "Otbasy men jastardy qoldau qory" корпоративтік қоры клиенттерге қарыздар берген, бірақ шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған. Қор ұсынатын қызметін әлеуметтік бағдарлама деп атап, оны мемлекет қолдайтынын мәлімдеген. Ол 3,7 пайыздық ипотека мен басқа да жеңілдетілген пайыздық несиелерді ұсынады, бірақ азаматтар бастапқы жарнаны төлеуі керек. Бұл - тұрғын үй немесе автокөлік құнының 50 пайызына тең.

Қарыз беру кезінде клиенттің несие тарихы, оның жасы және зейнетақы аударымдары маңызды емес. Компания Қазақстанның барлық өңірлерінде жұмыс істейді.

Адамдар қорға кіріп, миллиондаған қаражат салған. 600-ден астам адам жалпы алғанда миллиард теңге аударған. Қорға 120 миллион инвестиция салғандар да бар. Қазір салымшылардың бір бөлігі пәтер мен көлік алмағанын, ақшаларын да қайтара алмай жүргендерін мәлімдеген.

Жәбірленушілер полицияның белсенді емес екенін айтып, Бас прокуратурадан іске араласуын сұрады. Олар қордың құрылтайшысы елден ақшамен қашып кетеді деп ойлайды.

"Бәрі қордың "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" атын бүркенгенге байланысты. "Бақытты отбасы", тіпті, оларда да осындай бағдарлама болды. Есіл аудандық полиция басқармасы ешнәрсе істемей отыр. Қалалық прокуратура да. Дәлелдемелер базасы жинақталған. Қаржы реттеушінің қорытындысы бар", - деді жәбірленушінің өкілі, заңгер Аян Төреқұлов.

Тағы бір жәбірленуші Зиваш Ақмурзаева елордада жеңілдетілген пайызбен жер телімін сатып алу үмітімен қорға миллиондаған теңге салған.

"Осыншама адам шағым түсіріп жатыр. Олар кінәні өзімізге аударады. Құқық қорғау органдары бізді қорғай алмай ма? Біз әділдікті қалаймыз", - деді ол.

Салымшылардың назарын "әлеуметтік бағдарлама" деген атау аударған. Жәбірленушілер қор басшыларының бірі және оны құрудың бастамашысы Гүлбану Сапей есімді әйелдің есімін атады. Жәбірленушілер осы әйелдің сөзіне "алданыпты". Ол әрбір қазақстандықтың басында баспанасы, әрбір әйелдің көлігі болуы керек деп айтқан.

Тағы оқи отырыңыз: Елордалықтар "Нұр Отан" ғимаратында семинар өткізген алаяқтарға алданды

Айта кетейік, 2017 жылы ол алаяқтық үшін жауапқа тартылған, бірақ тараптардың татуласуына байланысты іс жабылды. Енді зардап шеккендер прокуратураға жүгінді.

"Қайтадан жүгініңіздер, біз қарастырамыз", - деді Бас прокурордың аға көмекшісі Жаңалық Еламанов.

«Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды