Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

«Машалла» деп емес, қазақша Құдай қаласа деп айту керек» – дінтанушы

Әлеуметтік желілерде танымалдығы артқан дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы сұхбат беріп, Қазақстандағы діни насихат пен имамдар қателігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Orda.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Машалла» деп емес, қазақша Құдай қаласа деп айту керек» – дінтанушы
Фото: видеодан скриншот

«Біз ең еліктегіш, жалт-жұлт еткенге құмар халықпыз. Ағылшынша сөз білмесек те «окей» деп сөйлейміз, арабша білмесек те «Машалла» деп айтамыз. Неге қазақша Құдай қаласа деп айтпаймыз. Біз өзге мемлекеттерге құрметпен қарап, өзімізді басып келдік. Еліктеуді қоятын уақыт жетті деп ойлаймын», – деді ол.

Сондай-ақ Нұрлан Байжігітұлы хиджаб мәселесі мен сақал қою, қысқа балақ турасында өз ойын айтты.

«Әжелеріміз өмір бойы орамал таққан. Бұл жаңалық емес. Бізде тек ерегіс, талас. Мен мектептегі қарындасқа орамал туралы айтқанда «сабағың қалай?» деп сұраймын. Сабақты екі мен үшке әзер оқып, құрбыларыңды кәпір қыласың. Орамал арқылы Алла алдында көтерілем деп ойлайсың ба?! Сақал қойғандар, орамал таққандар таласар алдында үлгі болыңыздар. Орамал таққан қарындастарымыз мінезін тәрбиелеу керек дер едім. Қап-қара қылып, көзіне дейін жауып алып жүру дұрыс емес. Ол никаб деп аталады және дәстүрімізге келмейтін нәрсе», – деді дінтанушы.

Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды Астанада әйелді пышақтап өлтірді деген күдікпен оның бұрынғы күйеуі ұсталды Астанада әйелді пышақтап өлтірді деген күдікпен оның бұрынғы күйеуі ұсталды Алматыда Студенттер сарайының шатыры опырылды: ҚазҰУ ғимараттың техникалық жағдайына қатысты мәлімдеме жасады Алматыда Студенттер сарайының шатыры опырылды: ҚазҰУ ғимараттың техникалық жағдайына қатысты мәлімдеме жасады «Жамандағанша, түзетуге тырыс»: Сырымбек Тау елді сынайтындарға жауап берді «Жамандағанша, түзетуге тырыс»: Сырымбек Тау елді сынайтындарға жауап берді