Прямая трансляция

Астана

Астана

5.91°C

Қазақстан азаматы Құранды 5 млн теңгеге сатып, ипотекасын жаппақ

2018 жылы еліміздегі ең қымбат Құран кітап 15 млн теңгеге саудаланыпты. Бүгінде бағасы алдыңғы жылдармен салыстырғанда айтарлықтай арзандаған. Мәселен, 200 жылдан бері сақталып келе жатқан кітаптар 2,5 млн теңгеге бағаланып отыр.

Қазақстан азаматы Құранды 5 млн теңгеге сатып, ипотекасын жаппақ
Фото: ашық дереккөз

Елімізде Қасиетті Құран Кәрімді саудалап, пайда табатындар көбейген. Ең қымбат Құранның бағасы 5 млн теңгеге дейін жетеді. Оны сатушылардың уәжінше, "құнды жәдігер" болғандықтан немесе "200 жыл бұрын жазылғандықтан" бағасы қымбат. Бір қызығы, әлеуметтік желіге осындай хабарландыру бергендер өздерінің материалдық жағдайын түзеп алуды көздейтін көрінеді. Бұл туралы paryz.kz "Еуразия бірінші арнасына" сілтеме жасап хабарлады.

Еліміздегі ең қымбат Құран Кәрімнің бірі саудаға қойылды. Сатушы 5 млн теңгеге бағалап отыр. 18 ғасырдан бері бір парағы да бүлінбей, осы күнге дейін жеткен екен. Әлеуметтік желіде осы тектес хабарландырулар көп. Бірақ, оның түпнұсқасына мән беріп жатқан ешкім жоқ. Ал қасиетті кітапты сатып, пайдаға кенелгісі келгендер осы арқылы несиелерін жабуға ниетті.

Мәселен, арна тілшілері тілдескен сатушы ғаламторда кітап бағаларының барлығы қымбат екенін айтқан.

"Діни кітап - өте ескі, құнды жәдігер. Сол үшін де бағасы қымбат. Сатылымнан түскен ақшаға ипотекамды жабамын", - деді сатушы.

2018 жылы еліміздегі ең қымбат Құран кітап 15 млн теңгеге саудаланыпты. Бүгінде
бағасы алдыңғы жылдармен салыстырғанда айтарлықтай арзандаған. Мәселен, 200 жылдан бері сақталып келе жатқан кітаптар 2,5 млн теңгеге бағаланып отыр. Ал хабарландыру бергендер "тауарының" өтетініне сенімді. Кұран сатуды кәсіпке айналдырғандар айтқан бағаға алатын клиенттерді жылдар бойы күтуге дайын екен.

"2,5 млн теңге. Неге қымбыт? Білесіз бе, діни кітап өте ескі, 18-ші ғасырда жазылған. Сирек кездесетін су белгілері бар. Бәрі сақталған. Құнды жәдігерді табу өте қиын. Сатылымнан түскен ақшаны керекті заттарға жаратамын", - деді тағы бір саудагер.

Арна тілшілері қасиетті Құранды сатуға қатысты тұрғындардың ойын сұрап көрген. Сауалнамаға қатысқандардың пікірі екіге жарылды. Бірі Құран мұражайларда сақталуы тиіс десе, екіншісі көздің қарашығындай үйде ұстайтындарын айтқан.

Жалпы, асыл дінімізде қасиетті Құранды саудалау бойынша қатаң тыйымдар жоқ екен. Сондықтан Құранды басып шығарған кәсіпкер, әдебиетті шығындарды өндіріп алу үшін сатып, ақша табуға құқылы. Бірақ, құнығып, оны табыс көзіне айналдырмау керек. Сондай-ақ, дін өкілдері ысырапшылыққа да салынуға болмайтынын ескертеді.

"Ал енді мынау кітап шығарушының қандай мақсатта шығарғандығына байланысты. Мысалы ол кітапқа қаражат жұмсап, қағазын сатып алады. Оның сиясы бар, баспаханаға төлейді. Ақшасын белгілеп, осы кітап осынша ақшаға сатылады деп сол бағада саудаға қойса болады. Мысалы, дүкендерде", - деді ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұлов.  

Айта кетерлігі, еліміздегі сатылымға қойылған Құран кітаптардың бағасы әлемдегі Құрандармен салыстырғанда әлдеқайда арзан. Мәселен, ең қымбаты  2015 жылы АҚШ-та біздің ақшаға шаққанда 1 млрд теңгеге саудаланды. Ол 1203 жылы басылыпты. Осы уақытқа дейін бүлінбей сақталған.

«Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды