Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

"Сауап емес, күнә". Имам анасының аяғын жуып, оны желіге салатындарды сынады

Соңғы уақытта анасының аяғын жуғанын видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желіге салатындар көбейді. Ал имам Нұрлан Байжігітұлы анасына осылай құрмет көрсетіп сауап аламын дегендердің бұл ісі қате екенін айтты, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі exk.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Сауап емес, күнә". Имам анасының аяғын жуып, оны желіге салатындарды сынады
фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы имам өзінің Instagram парақшасында бейнежазба салды. Айтуынша қазір анасының аяғын жуып оны әлеуметтік желіге салу сәнге айналып бара жатыр.

Шетелден бір кісі бастап берді. Мүмкін, ол үлгі болсын деген ниетпен бастаған шығар. Жасайтын болсаң, көрсетпей жаса. Біреу анасының аяғын жуайын десе анасы жоқ. Жүрегін ауыртпа оның,

— дейді имам.

Нұрлан Байжігітұлы кейбір жігіттердің әлеуметтік желі, хайп үшін ғана анасының аяғын жуатынын, ал былайғы күндері анасына қарсы сөйлейтінін айтады.

Аяғын шешіп, саны мен балтырын бүкіл дүние жүзіне көрсеткен сауап емес, күнә. Ананың батасын алу аяғын жуу емес. Осыны түсініп алу керек, — дейді Нұрлан Байжігітұлы.

Оның айтуынша, кейбір балалар ата-анасына істеген жақсылығын міндет қылады.

"Шубаңды, бриллиантыңды, білезігіңді әпердім" деп жақсылығын жасап, міндет қылады. Бұлай жасағанша, жасамай-ақ қой. Қақпалақтап "отыр", "жүр" деп сілкілейтін балалар бар. Сілкілемеңіз. Сауаптарыңыз сілкіленіп, бәрінен ажырап қаласыздар. Бала ата-ананың алдында қалай тұруы керек? Аңшы құсты атқан кезде әлгі құс құтыла алмайтынын біліп, жарақаттанып, қанаты сынып, ұша алмай сондай әлжуаз күйде тұрады. Бала ата-ананың алдында солай тұруы керек. Ал біздікілер кекірейіп тұрады, — дейді имам.

Имам баланың тіпті ата-ананың бетіне тіке қарауына болмайтынын айтқан.

Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды Астанада әйелді пышақтап өлтірді деген күдікпен оның бұрынғы күйеуі ұсталды Астанада әйелді пышақтап өлтірді деген күдікпен оның бұрынғы күйеуі ұсталды Алматыда Студенттер сарайының шатыры опырылды: ҚазҰУ ғимараттың техникалық жағдайына қатысты мәлімдеме жасады Алматыда Студенттер сарайының шатыры опырылды: ҚазҰУ ғимараттың техникалық жағдайына қатысты мәлімдеме жасады «Жамандағанша, түзетуге тырыс»: Сырымбек Тау елді сынайтындарға жауап берді «Жамандағанша, түзетуге тырыс»: Сырымбек Тау елді сынайтындарға жауап берді