Прямая трансляция

Астана

Астана

11.88°C

"Мұхаммед емес, мен": Талдықорған тұрғыны өзін пайғамбармын деп жариялады (ВИДЕО)

Хан Досаевтың айтуынша, ол динозаврлар дәуірінде туған. Ал пайғамбар екенін 2011 жылы Құдаймен көріскенде түсініпті.

"Мұхаммед емес, мен": Талдықорған тұрғыны өзін пайғамбармын деп жариялады (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Алматы облысында Хан Досаев есімді азамат өзін алғашқы пайғамбармын деп жариялады. Ол өзінің миллионыншы рет жаңа кейіпте өмірге келгенін айтады. Жаңа дін ойлап тапқан азамат коронавирустан жазылудың да жолын біледі екен деп хабарлайды Paryz.kz.

Бірінші пайғамбар Мұхаммед емес, Будда емес, Иисус және басқалары емес. Бұл – Хан ата. Бұл – мен, - деді талдықорғандық жігіт Almaty.tv телеарнасына.

Хан Досаевтың айтуынша, ол динозаврлар дәуірінде туған. Ал пайғамбар екенін 2011 жылы Құдаймен көріскенде түсініпті.

Қараңғы бөлмеде жатқанмын, содан кейін жартылай ұйқыға баттым, сол сәтте маған аян келеді. Құдай: "Хан, сен алғашқы Пайғамбарсың, сен бұл дүниедегі адамдардың қателерін шешуге келдің" дейді. "Мынау - 6 ғарыштың заңы. Сен осы арқылы әлемдегі бүкіл қатенің бәрін түзеп шығасың" деп айтты, - дейді Талдықорған тұрғыны.

Оның сөзінше, ол "Жер" деп аталатын жаңа дін ойлап тапқан. Ол сенімге емес, математикаға құрылған. Мұсылмандық пен христиандықтан оны "өзгешелеп" тұратыны да осы екен.

Хан Досаев Құран Кәрімнің баламасы ретінде жинақ шығарған. Ішінде ережелер мен заңдылықтар жазылған. Алайда математикалық формула түрінде сипатталған.

Талдықорғандық өз ілімін мінсіз деп санайды, ал өзі айтқан "Жер" дінінде ішімдік пен темекіге рұқсат бар. Бастысы – шегін білу.

Ол сондай-ақ коронавирусты жеңе алатын күшке ие екенін айтқан.

Коронавирустың мәселесін менің тұқымыммен (шәует – ред.) шешуге болады. Мысалы, адам менің тұқымымды ішсе, ол коронавирустан жазылып кетуі мүмкін, - дейді Хан Досаев.

Талдықорғандықтың бұл мәлімдемесіне қатысты имамдар да пікір білдірді. Талдықорған қалалық "Иман" мешітінің имамы Қамит Табарақ тарихта мұндай адамдардың артынан ешкім ермегенін айтты.

Өзін жалған Пайғамбармын деп жариялаған өтірікші адамдарға қарата айтылған "Қиямет күніне дейін 30 адам осылай өзін жариялайды" деген хадис бар. Бірақ олардың саны одан да көбірек болуы мүмкін. Тарихта мұндай адамдардың артынан ешкім ермеген. Ермейді де!" - дейді ол.

«Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды