Прямая трансляция

Астана

Астана

36.38°C

Әнші Кенжебек Жанәбіловтің қазіргі жағдайы белгілі болды

«МузАРТ» тобының әншісі Кенжебек Жанәбіловтің денсаулығына байланысты жансақтау бөліміне түскен болатын. Өнердегі әріптесі Сәкен Майғазиев әншінің жағдайын біліп, ауруханаға барып қайтты, деп хабарлайды paryz.kz.

Әнші Кенжебек Жанәбіловтің қазіргі жағдайы белгілі болды
Фото: әлеуметтік желіден

Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында Кенжебек Жанәбіловтің қазіргі жағдайы туралы жазды. Оның айтуынша, әнші екі күн бұрын қатты қысылып, жүрегі сыр берген. Қазір беті бері қарағанымен, дәрігерлердің бақылауында болып, қосымша тексерулерден өтуі қажет.

«Еренсау» дәрігерлеріне алғысын білдірген Сәкен Майғазиев Кенжебектің білікті маман, тәжірибелі дәрігер Алмат Егізековтің жіті бақылауында екенін атап өтті. Дәрігерлер Қазақстанның жоғары білікті кардиологтарымен консилиум өткізіп, ортақ шешімге келу қажет екенін айтқан.

Сондай-ақ әншіге жүрегін бірнеше рет тексертіп, бір рет кесіп шешім қабылдау керектігі ескертілген.

«Ота жасаса, 3-4 ай сахнаға шықпай, демалуына тура келеді», – деп жазды Сәкен Майғазиев.

Өнер иесі әріптесіне дұға жасап, тезірек сауығып кетуін тілеген.

«Кенжебек Тұрсынбайұлына дұға жасап қоялық. Алла шипа берсін. Ауырылып жатқан жанның уайғысын уайымдап, көңіл-күйін көтеріп кету сауатты азаматтардан екен», – деді ол.