Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова жүргізушісі мен күзетшісіне арнап жаңа баспана алып бергенін айтты. Өнер иесінің сөзінше, үйде барлық жағдай қарастырылған, деп хабарлайды Paryz.kz.
Әншінің айтуынша, жаңа үйлер толықтай заманауи талаптарға сай жабдықталған. Ішінде дәретхана, душ және кондиционерге дейін орнатылған.
"Жүргізуші мен күзетшінің жаңа үйлері дайын. Ішінде барлық жағдай жасалған: дәретхана, душ, тіпті кондиционерге дейін бар. Таңғы сағат бесте арнайы техникамен жеткізіліп, үйдің алдына орнатылып жатыр. Үйлер толық жылытылған, қыста жылы, жазда салқын болады. Барлығы заманауи талаптарға сай жасалған", – деді Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында.