Әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында ұзатылып бара жатқан қарындасы Раушан Құдайбергенге бақыт тіледі, деп хабарлайды Paryz.kz.
Өнерпаз қарынасына деген қимастық сезімін әнмен жеткізді.
"Жол мұраты — жету, қыз мұраты – кету" дейді қазақ халқы. Оны ұғынсақ та, бауыр етінен жұлып алғандай етіп қарындасты өзге жұртқа аттандыру кімге болса да оңай емес екен?! Дегенмен теңін тауып, ата-анасының, туған-туыстарының ризашылығымен кетіп бара жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Қолымыздан ұшып бара жатқан қызымыздың қонған жері құтты болсын! Барған еліне тастай батып, судай сіңсін! Құдай қосқан жарына бақ болып қонсын, қосағымен қоса ағарсын!", - деп жазды Димаш.
"Раушантайыма Мансұр ініммен бірге "Қарлығашым, ұя салғанда…" атты әнімді ақжүрек тілегіміз ретінде қабыл алғайсың! Жүректегі сағыныш пен қимастықты осы әннің өн-бойынан көрсеткіміз келді. Бақытты бол, қарлығашым менің! Көкесінің жүрегі!", - деп түйіндеді әнші.