Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Димаш Құдайберген қарындасының құдалығында төбе көрсетті

Әлемді таңдай қақтырған өнер иесі, Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің отбасында үлкен қуаныш — қарындасы Раушанның құдалығы өтті, деп хабарлайды Paryz.kz ozgeris.info-ға сілтеме жасап.

Димаш Құдайберген қарындасының құдалығында төбе көрсетті
фото: әлеуметтік желіден

Екі жастың бақытына куә болған қос тарап бұл күні ерекше стильдегі салтанатты рәсіммен есте қалды. Бұған дейін сәуір айында Шымкенттен келген құдалар сырға салып, дәстүрлі жолмен сөз байласқан болатын.

Құдайбергеновтер әулетінің таңдаған аспан-көк реңкті, этно-стильдегі киім үлгісі мен ұлттық нақыштағы кәде-сыяпаттары көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Қазақы болмыс пен заманауи талғам үйлесім тапқан кеш көрермендердің жүрегінен орын алды. Желі қолданушылары отбасын қарапайымдылығы мен тектілігі үшін мақтап, ақ тілектерін жаудырды:

«Қандай үлгілі, ибалы отбасы! Екі жасқа баянды бақыт тілейміз!», «Света ханымның ақ жаулығы мен көйлегі керемет үйлесіп тұр!» – деп пікір қалдырды көпшілік.