Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

«Қызымды алып, төркініме кетіп қаламын»: Мархаба Сәби алғаш рет отбасы туралы айтты (ВИДЕО)

Қазіргі хит әндердің авторы, танымал әнші Мархаба Сәби отбасы жайлы алғаш рет сыр шертті. Өнер иесі “1001 түн” бағдарламасында қонақ болып, отбасы жайлы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Қызымды алып, төркініме кетіп қаламын»: Мархаба Сәби алғаш рет отбасы туралы айтты (ВИДЕО)
фото: әлеуметтік желіден

“Негізі махаббаты берік, лаулап тұрған ғашықтар бір-бірінен жалықпайды ғой. Ал отбасы болған соң бәрі басқаша. Кейде күйеуім менен шаршап кетсе, мен қызымды алып, төркініме кетіп қаламын. Кейде, керісінше, мен жолдасымнан жалығып, шаршасам, күйеуім қызымды алып, басқа жаққа кетіп қалады.

 Мен үшін демалыстың төресі – жалғыз қалып, ән жазу, жеке шығармашылығыммен айналысу. Маған концерт беріп, сұхбаттасқан онша ұнамайды. Бірақ өнер адамы болғасын, тыңдарман қауым күтеді. Болашақта жанды дауыста концерт өткізу жоспарда бар", – деді әнші.

Өнер иесі жолдасының да өнерден алыс емес екенін айтып, үнемі қолдап отыратынын мақпанышпен жеткізді.

"Біздің отбасыны өнерлі деп айтсам болады. Жолдасым – сыншым, қызым музам. Өнер адамын өнер адамы ғана түсінеді екен. Қыз балаға өнерде жүру қиындау. Менің күйеуім де сазгер, домбырашы. Сондықтан мені үнемі қолдайды, кеңесін айтып отырады. Кез келген нәрсені бірге отырып талқылаймыз", – деді Мархаба Сәби.