Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

"Сендей сіңлім барына өкінемін“. Мақпал Жүнісова халықтан кешірім сұрады

Танымал әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында халықтан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Paryz.kz Массагетке сілтеме жасап.

"Сендей сіңлім барына өкінемін“. Мақпал Жүнісова халықтан кешірім сұрады
фото: әлеуметтік желіден

"Құрметті ағайын, менің таңда айтқан сөзіме кешіріммен қараңыздар. Қазір маған әпкем қоңырау шалып "сен бізді ұятқа қалдырдың, менің сендей сіңлім бар болғанына өкінемін" деп, қатты сөздер айтып жатыр. Жарайды. Өмір сүре берсін. Мен де өлемін, мен мәңгілік емеспін. Сүлеймен де өлген, патшалардың бәрі өлген. Басымды қатырмаңдар. Кері қайтсаңдар, кері қайтып кетіңдер! Әкемнің аруағы қолдасын", - деді ол.