Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

«Ақыры өзім тауып алдым»: Ерлан Көкеев Air Astana жоғалтқан гитарасын тапты

Музыкант Ерлан Көкеев Өскеменнен Алматыға ұшып келгенде гитарасын таппай қалғанын айтып, Air Astana компаниясына шағымданған еді, деп хабарлайды  Paryz.kz. 

«Ақыры өзім тауып алдым»: Ерлан Көкеев Air Astana жоғалтқан гитарасын тапты
Фото: видеодан скриншот

«Менің гитарам мен Air Astana арасындағы оқиға мәресіне жетті. Міне, Александр деген адам келіп тұр. Аспапты алып келді. Жолаушылар өздерінің гитарасы деп ойлап, менікін алып кеткен екен. Гитарам қолымда. Ақыры өзім тауып алып тұрмын»,- дейді Көкеев. 

Ал әуе компаниясы гитараны тауып алу үшін әншіге құқық қорғау органдарына хабарласуына кеңес берген еді. 

«Air Astana әуе компаниясының жоғалған жүкті іздеу қызметінің мамандары Ерлан Көкеевтің шағымы бойынша іздеу жүргізді. Тексеріс нәтижесінде әуежайда қызметкерлер Ерлан Көкеевке гитараны ұшаққа өзімен алып кіруді ұсынғаны анықталды. Алайда жолаушы затын жүк бөлігіне жіберуді және гитараға "әйнек" белгісін жабысытыруды сұраған. Әуе компания құжаттарына назар салсақ, 25 маусымда Өскемен-Алматы бағытындағы КС302 рейсіне бір гитара тиелген. Камера жазбалары да бұл ақпаратқа дәлел. Жазбадан ұшақ қонғаннан кейін гитара Алматы әуежайына түсіріліп, осы рейс жолаушыларының басқа да жүктерімен жүк қайтару жолағына қойылғаны көрінеді. Осы ұшақтан түскен қызыл бас киім киген жолаушы Ерлан Көкеевтің гитарасын жүк жолағынан алған.  Әуекомпания қызыл бас киім киген жолаушыдан Ерлан Көкеевке гитарсын қайтаруды сұрайды. Болмаса Ерлан Көкеевке жолаушыны анықтап, жоғалған затын іздеп табу үшін құқық қорғау органдарына хабарласуын сұраймыз. Air Astana өз кезегінде полиция жұмысына жәрдем көрсетіп, видеокамера жазбаларымен қамтамасыз етеді»,- деп хабарлаған Air Astana.