Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

«Аспаннан жауған атақ». Шоу-бизнес өкілдері «Қазақстанның құрметті азаматы» атанды

Бірқатар өнер жұлдыздары «Қазақстанның құрметті азаматы» атағына ие болып, әлеуметтік желіде талқыға түсті, деп хабарлайды Paryz.kz Malim.kz сайтына сілтеме жасап.

«Аспаннан жауған атақ». Шоу-бизнес өкілдері «Қазақстанның құрметті азаматы» атанды
фото: әлеуметтік желіден

Марапатты әнші Нұржан қалжан, Рухия Байдүкенова, Фарида Жолдасова, актриса Жұлдызай Дүйсенбиева мен актер Еркебұлан Тоқтар сынды өнер иелері алған. Олар қуанышты жаңалығын көпшілікпен бөлісіп, құттықтау қабылдауды бастап кеткен.

Әнші Рухия Байдүкенова аталмыш төсбелгінің қоғамдық марапат екенін атап өткен.

Бүгін негізі мен қандай марапат алатынымды білмей келдім. Қоғамдық медаль “Қазақстан Республикасының құрметті азаматы” төсбелгісі бұйырыпты. Рақмет, елім! Өнеріммен халыққа қызмет етуден жалықпаймын.Әлі де үлкен жұмыстар күтіп тұр. Менің өмірлік басты ұстанымым – таза еңбек,таза жол. Бұл мемлекеттік награда емес, қоғамдық марапат!, – дейді Рухия Байдүкенова. 

Одан кейін әнші Нұржан Қалжан да кеудесіне таққан орденін қуана көрсетіп, су жаңа атағы шабыт сыйлайтынын жасырмады. 

Бүгін Астанада осындай марапатқа ие болдым ағайын. "Қазақстан Республикасының құрметті азаматы" төсбелгісіне ие болдым. Құттықтап шабыт беріп қойыңыздар. "Болар елдің баласы бірін бірі батырым дер" деп, қолдап қуанышымды қуанышқа жалғап жатсаңыздар содан асқан бақыт жоқ менде. Бұл жай төсбелгі, дегенмен де өзім шабыт алып, әлі алда талай жұмыс тұрғанын сезініп қайттым, – деп жазды Нұржан Халжан. 

Желі қолданушылары аталмыш атақтың қандай мақсатта берілгенін сұрап, сынап жатыр.

«Аспаннан атақ жауыпты», «Қандай еңбектері үшін алып жатыр?», «Фонограммамен ән айтқаны үшін берген ғой», - деп жазып жатыр желі қолданушылары.