Прямая трансляция

Астана

Астана

2.12°C

«Әке-шешемнің кім екенін білгенде таңғалдым»: Мейрамбек Беспаев ата-анасы туралы айтты

Белгілі әнші Мейрамбек Беспаев «Сәлем, Папа» жобасында балалық шағы, ата-анасы туралы айтты.

«Әке-шешемнің кім екенін білгенде таңғалдым»: Мейрамбек Беспаев ата-анасы туралы айтты
фото: әлеуметтік желіден

Өнер иесі бала күнінде ата-әжесінің тәрбиесінде өскенін, сондықтан әке-шешесінің кім екенін білмегенін жасырмады.

«Балалық шағым Жамбыл облысының Талас ауданында өтті. Ол кезде заман сондай ма, ата-әженің баласы болдық. Әке-шешем маған аға-әпке сияқты еді. Олар қалада тұрды. Мен ата-әжеммен ауылда тұрдым. Әке-шешемнің солар екенін естігенде қатты таңғалдым. Оған дейін мені әжем туған деп ойлап жүріппін. Мектепке баратын кезде әкемнің атамнан жалынып сұрап алғаны есімде. «Қаланың өмірін көрсін, мектепке барады» деген соң, атам рұқсатын берді. Екі әкенің тәрбиесін көрдім деп айта аламын. Өнердегі әкем – Алтынбек Қоразбаев. Ол кісі де әкемдей қамқорлық жасады», – дейді әнші.

Сондай-ақ өнер иесі ата-анасының қандай адам екенін әңгімеледі.

«Әкемнің мінезі ақкөңіл, әзілге жақын. Ортасын жадыратып, күлдіріп отыратын. Шешем – салмақты, көп сөйлемейтін адам. Мен екеуінің де қасиетін теңдей бойыма сіңіргенмін. Салмақтылығым да, әзіл айтып күлдіріп отыратыным да бар. Балаға әкенің өсиеті мен берген тәлімі өте маңызды. Қазақ әкені асқар тауға теңейді. Бүгінде балаларыма жақсы әке болуға тырысамын. Мен бала күнімде «Бозторғай» деген әнді айтқанмын. Жетім баланың зары мен мұңын суреттейді. Сол кезде Алтынбек көкем жетімдер үйіне алып барған. Әнді түсініп айтсын деген ниеті болуы керек. «Мына балалардың әкесі де, шешесі де жоқ» дегенде, «Өмірде әке-шешесі жоқ балалар да болады екен ғой» деп қатты таңғалғаным бар», – дейді әнші

«Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Ақ-қарасын білмей сөйлемеңіздер»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі желідегі негативке жауап берді «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады «Бұл бір ерке келін болды»: Гүлзира Айдарбекова келіні туралы айтып берді «Бұл бір ерке келін болды»: Гүлзира Айдарбекова келіні туралы айтып берді «Маған енем күн көрсетпеді, күйеуім ұрып-соқты деп...»: Қайрат Нұртастың анасы блогерлердің құпиясын әшкере етті «Маған енем күн көрсетпеді, күйеуім ұрып-соқты деп...»: Қайрат Нұртастың анасы блогерлердің құпиясын әшкере етті «Ашамен ажырасып кеткен бе?»: Арман Қоңырдың суреті қызу талқыға түсті «Ашамен ажырасып кеткен бе?»: Арман Қоңырдың суреті қызу талқыға түсті «Жалғыз, сүйікті әйеліңді жақсы көр»: Баян Мақсатқызы күйеуі Тұрсын Алагөзовке  ерекше тілек айтты «Жалғыз, сүйікті әйеліңді жақсы көр»: Баян Мақсатқызы күйеуі Тұрсын Алагөзовке ерекше тілек айтты