Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Халал тойда ішімдік ішкен: Ұланғасыр Қамиевті ұрып-соққан сәт видеоға түсіп қалды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде жас жігіттің соққыға жығылған сәті түсірілген видео пайда болды. Көпшілік видеодағы соққыға жығылған жігіттің белгілі қазақстандық әнші екенін және оқиға Үшарал қаласында болғанын айтуда. Желіде тараған ақпаратқа Жетісу облысының полиция департаменті өкілдері түсініктеме берді, деп хабарлайды Paryz.kz NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Халал тойда ішімдік ішкен: Ұланғасыр Қамиевті ұрып-соққан сәт видеоға түсіп қалды (ВИДЕО)
Фото: t.me/kriminal_kazakhstan

29 шілде күні Жетісу облысы Үшарал қаласында ішімдікке мас күйдегі әртістің бірі той қонақтарымен төбелесіп қалды. Әншінің Ұланғасыр Қамиев екені айтылуда, - деп жазылған видео сипаттамасында.

Бейнежазбадан алдымен жас әншінің тойда өнер көрсеткенін байқауға болады. Ал кейінірек көшеде жас жігітті құлатып, оны ұрып-соққан сәт көрсетілген. Жетісу облыстық полиция департаменті Алакөл аудандық полициясына бұл оқиға бойынша шағым түспегенін хабарлады. Анықтау барысында тойдың халал өткені, бірақ өнерпаздың мерекелік шарада ішімдік ішкені расталды.

Қазіргі уақытта құқық бұзушы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 440 бабы, яғни алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйде келу дерегі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп атап өтті департаментте.

Айта кетейік, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 440 бабы бойынша жергiлiктi атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн қорлайтын масаң күйде келу – 5АЕК ( 17 мың 250 теңге) мөлшеріндегі айыппұл салуға алып келеді.