Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Иманғали Тасмағамбетовке президент сайлауына түсу ұсынылды

Мәжілістің экс-депутаты Амангелді Айталы алдағы президент сайлауынан үміткер ретінде бұрынғы премьер-министр Иманғали Тасмағамбетовті көргісі келетінін жасырмады.

Фото: ашық дереккөзі

Бұл туралы paryz.kz ақпараттық агенттігі Arasha.kz.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қоғам қайраткері қазақтың іскер азаматына халық болып сұрау салу қажет деп санайды.

Амангелді Айталы халықтың сана-сезімін дамытып, оны интеллектуалды тәрбиелеу үшін президент сайлауында парасатты ойдың пікірталасы өтуі керек екенін айтты.

 — Жалпы біз кезектен тыс сайлауға, парламент сайлауы болсын, президент сайлауы болсын үйренген халықпыз. Бізде сиректеу болмаса жалпы президент сайлаулары уақытында өтпейді. Енді бұл жолы қалай қарауға болады? Басқа президент. Басқа заман. Басқа ұрандар. Басқа кезең. Жалпы Қасым-Жомарт Кемелұлы 2019 жылы сайланды. 2024 жылы екінші сайлауы, 2029 жылы соңғы сайлау болады. Қалай болғанда да Қасым-Жомарт Кемелұлының президенттік өкілеттілігі 2029 жылы бітеді. Сондықтан президент қалған тоғыз жылымды үзбей, ортасында сайлау өткізбей, халықты алаңдатпайын деп ойлаған шығар. Себебі сайлау болған соң түрліше қауесет, әңгіме көбейеді.

Сондықтан биыл сайланып, 2029 жылға дейін өкілеттігімді пайдаланып, «Жаңа Қазақстан» деген идеяны үзбей, сабақтастықпен өткізу ниеті болған болар. Енді Тоқаевтан кейінгі президенттің, Тоқаевтан кейінгі заманда сайлау заңының қалай болатынын айту қиын. Әсіресе біздің елде көп өзгерістер болып тұрады. Өзінің ойынша, сайлау 2024 жыл болсын, 2022 жыл болсын «бәрібір мен өтемін» деген сенімі бар. Ол сенім дұрыс па, қате ма, оның төңірегін халық ойланып, пікір айта жатар. Бірақ бүгін көзге түсіп, президент болардай тұлға көрінбейді, — деген қоғам қайраткері.

Соынмен қатар, Мәжілістің экс-депутаты президент қандай болу керектігін атап өтті.

— Қасым-Жомарт Кемелұлына тең тұлға жоқ деп айтуға болмайды. Қазақтың аналары тек Назарбаев сияқты немесе Қасым-Жомарт Кемелұлы секілді ұлдар туады, басқа ұлдар пісіп жетіліп, кемеліне келген жоқ деу – халқымыздың намысына тиеді. Президент болатын азаматтар бар. Қасым-Жомарт Кемелұлынан кем бола ма, артық бола ма оны уақыт көрсетер, — деді ол.

Оның пікірінше, президент сайлауында осыған дейін іскерлігімен танымал азамат халық алдында ашық пікірталас керсетуі керек.

— Мәселен, халық аузында Тасмағамбетовтың аты айтылады. Ол талай мемлекеттік қызметте жүріп, премьер-министрге дейін жетіп, талай жұмыстар атқарды. Өзінің пікірі, өткір сөзі, қазақы мықты психологиясы, басқа ұлттарға өзінің жағымды қасиеттері бар. 
Алматылықтардың, Астана секілді қала халқының ойынан шығып, жоғары баға алған азамат. Ол кісі 2019 жылы президент сайлауына түседі деп күттік. Неге екенін білмеймін, ол кісі түспеді. Осы додаға биыл түссе, Қасым-Жомарт Кемелұлын біраз ойландырар еді. Жаңағыдай «мен бәрібір өтемін, сондықтан биыл өткізіп жіберейік» деген ойына халық арасына да, өзіне де үлкен күдік әкелер еді. Анадай сенімі болмас еді. Ел ішінде тағы да осындай тұлғалар болып қалар, – дейді Амангелді Айталы. 

Қоғам қайраткері биылғы сайлау негізі халықтың ойында жоқ, халықтың ұсынысы емес, Қасым-Жомарт Кемелұлының ұсынысы екенін ашып түсіндірді. 

Іздеу

Жаңалықтар |
Қыркүйек 12 2022 11:02
Ильдар Адильченов
@ildar.adilchenov
Иманғали Тасмағамбетовке президент сайлауына түсу ұсынылды
Иманғали Тасмағамбетовке президент сайлауына түсу ұсынылды
Мәжілістің экс-депутаты Амангелді Айталы алдағы президент сайлауынан үміткер ретінде бұрынғы премьер-министр Иманғали Тасмағамбетовті көргісі келетінін жасырмады.

Бұл туралы Arasha.kz хабарлайды.

Қоғам қайраткері қазақтың іскер азаматына халық болып сұрау салу қажет деп санайды.

Амангелді Айталы халықтың сана-сезімін дамытып, оны интеллектуалды тәрбиелеу үшін президент сайлауында парасатты ойдың пікірталасы өтуі керек екенін айтты.

 — Жалпы біз кезектен тыс сайлауға, парламент сайлауы болсын, президент сайлауы болсын үйренген халықпыз. Бізде сиректеу болмаса жалпы президент сайлаулары уақытында өтпейді. Енді бұл жолы қалай қарауға болады? Басқа президент. Басқа заман. Басқа ұрандар. Басқа кезең. Жалпы Қасым-Жомарт Кемелұлы 2019 жылы сайланды. 2024 жылы екінші сайлауы, 2029 жылы соңғы сайлау болады. Қалай болғанда да Қасым-Жомарт Кемелұлының президенттік өкілеттілігі 2029 жылы бітеді. Сондықтан президент қалған тоғыз жылымды үзбей, ортасында сайлау өткізбей, халықты алаңдатпайын деп ойлаған шығар. Себебі сайлау болған соң түрліше қауесет, әңгіме көбейеді.

Сондықтан биыл сайланып, 2029 жылға дейін өкілеттігімді пайдаланып, «Жаңа Қазақстан» деген идеяны үзбей, сабақтастықпен өткізу ниеті болған болар. Енді Тоқаевтан кейінгі президенттің, Тоқаевтан кейінгі заманда сайлау заңының қалай болатынын айту қиын. Әсіресе біздің елде көп өзгерістер болып тұрады. Өзінің ойынша, сайлау 2024 жыл болсын, 2022 жыл болсын «бәрібір мен өтемін» деген сенімі бар. Ол сенім дұрыс па, қате ма, оның төңірегін халық ойланып, пікір айта жатар. Бірақ бүгін көзге түсіп, президент болардай тұлға көрінбейді, — деген қоғам қайраткері.

Соынмен қатар, Мәжілістің экс-депутаты президент қандай болу керектігін атап өтті.

— Қасым-Жомарт Кемелұлына тең тұлға жоқ деп айтуға болмайды. Қазақтың аналары тек Назарбаев сияқты немесе Қасым-Жомарт Кемелұлы секілді ұлдар туады, басқа ұлдар пісіп жетіліп, кемеліне келген жоқ деу – халқымыздың намысына тиеді. Президент болатын азаматтар бар. Қасым-Жомарт Кемелұлынан кем бола ма, артық бола ма оны уақыт көрсетер, — деді ол.

Оның пікірінше, президент сайлауында осыған дейін іскерлігімен танымал азамат халық алдында ашық пікірталас керсетуі керек.

— Мәселен, халық аузында Тасмағамбетовтың аты айтылады. Ол талай мемлекеттік қызметте жүріп, премьер-министрге дейін жетіп, талай жұмыстар атқарды. Өзінің пікірі, өткір сөзі, қазақы мықты психологиясы, басқа ұлттарға өзінің жағымды қасиеттері бар. 
Алматылықтардың, Астана секілді қала халқының ойынан шығып, жоғары баға алған азамат. Ол кісі 2019 жылы президент сайлауына түседі деп күттік. Неге екенін білмеймін, ол кісі түспеді. Осы додаға биыл түссе, Қасым-Жомарт Кемелұлын біраз ойландырар еді. Жаңағыдай «мен бәрібір өтемін, сондықтан биыл өткізіп жіберейік» деген ойына халық арасына да, өзіне де үлкен күдік әкелер еді. Анадай сенімі болмас еді. Ел ішінде тағы да осындай тұлғалар болып қалар, – дейді Амангелді Айталы. 

Қоғам қайраткері биылғы сайлау негізі халықтың ойында жоқ, халықтың ұсынысы емес, Қасым-Жомарт Кемелұлының ұсынысы екенін ашып түсіндірді.

— Қазір осындай жағдайда отырмыз. Мен кейде ойлаймын, ел болып, көпшілік болып, әртүрлі өңірлерден Тасмағамбетовке үлкен сауал салсақ, неге осындай бір салмақты қадамға түспеске?! Біздің елде президенттің артынан үлкен тұлға болатын адамдар тәрбиеленбеді. Ондай тәрбие болмады. Қасым-Жомарт Кемелұлы болмаса, Тасмағанбетов өзінің білімі, іскерлігімен көрінген адамдар. Америка құрама штатын айтсақ, көбіне көп президенттер депутат, сенаторлардан шығады. Әрбір сенатор ел президенті болып кетуге дайын адамдар. Бізде президент тәрбиелеу болмады. Соның салдары бұл. Қазір тоқырап қалып, Қасым-Жомарт Кемелұлы өзіне сеніп отыр. Енді көрелік.

«Салмақты, Тасмағанбетов секілді адамдар болар. Елдің ішінде талай таланттар, талай білімді адамдар бар ғой. Негізі сайлауға түскенде кімнің сайланатынын білсе, ол сайлау емес. Президент болатын бір ғана адам болып, соның өтетінін білсек, ол -еліміздің интеллектуалдық, іскерлік жағынан төмендігі. Шындығында төменбіз. Көрейік. Мен сайлаудың соңғы күніне дейін президенттің кім болатынын білмегенімізді қалар едім. Сол күнде пікірталас, ақыл-парасат таласы, ой таласы қызып, бір жағынан халықты тәрбиелер еді. Ойландырар еді. Мәселенің мынадай шешімі бар екен. Мына ұсыныс былай, мына шешім былай, мына үміткер президенттікке өз ұсынысын айтқанымен, екінші, үшінші бір үміткер ұсынысы былай дегенде халық өсер еді ғой. Бүгін ондай жағдай болмай отыр. Бәсеке жоқ. Осындай жағдайда отырмыз. Демократияның жоқтығы», — деп қоғам қайраткері Амангелді Айталы қазір жиі қолданысқа түсіп жүрген «Жаңа Қазақстан» туралы ойын жеткізді.