Бестөбе кентінде шахтаға заңсыз түскен тағы бір адам қаза тапты, деп хабарлайды paryz.kz.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қайғылы жағдай бүгін болған.
Полиция адам өлімі бойынша қылмыстық іс қозғады.
"Қазіргі кезде терегу шаралары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - дейді полицейлер.