Прямая трансляция

Астана

Астана

13.6°C

Алматы метросында жолаушының сөмкесінен екі оқ-дәрі табылды

Алматы метросында тексеру кезінде жолаушының сөмкесінен екі оқ-дәрі табылды, деп хабарлайды paryz.kz.

Алматы метросында жолаушының сөмкесінен екі оқ-дәрі табылды
Фото: Алматы ПД

Оқиға "Алатау" станциясында болды, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

"Көлік қауіпсіздігі қызметімен бірлесіп, рентген құрылғысы арқылы жүргізілген тексеру барысында сөмкеден 5,45 мм калибрлі екі оқ-дәрі табылып, тәркіленді", - деп жазылған хабарламада. 

Жолаушы ұсталып, процессуалдық шешім қабылдау үшін Бостандық ауданының полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.