Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Қостанайда жол жиегінен әйелдің денесі табылды

Қостанайда жол жиегінен әйелдің денесі табылды. Оны көлік қағып кеткен болуы мүмкін, күдікті ұсталды, деп хабарлайды paryz.kz.

Қостанайда жол жиегінен әйелдің денесі табылды
Фото: видиодан скриншот

Телеарна мәліметінше, Лисаковск қаласының 35 жастағы тұрғынын жолдан өтіп бара жатқан жүргізушілер қанға боялған күйі тапқан – сол сәтте әйелдің өмірі үзіліп кеткен еді.

Алдын ала мәлімет бойынша, белгісіз біреу оны қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған. Полиция ьірнеше сағаттан кейін 42 жастағы ер адамды күдікті ретінде ұстады.

Қазір тергеушілер апаттың қалай болғанын және жүргізушінің әйелді құтқару мүмкіндігі болған-болмағанын анықтап жатыр.

"Көлік Қостанай қаласынан жедел түрде табылды. Күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деді Қостанай облысы ПД ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы Екатерина Рабцун.