Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

Алматы облысында жүзге жуық ит асыраған ер адамды өлтіріп кеткен

Алматы облысында "Dog House “Твардовский дом” басшысы кісі қолынан қаза тапты, деп хабарлайды paryz.kz.

Алматы облысында жүзге жуық ит асыраған ер адамды өлтіріп кеткен
Фото: видиодан скриншот

Бұған дейін ерікті Арсен Кабденгов 90 итке пана болып, күтімін жасап отырған Владимир Тепляковтың белгісіз жағдайда көз жұмғанын айтқан еді. Облыстық полиция ер адамның кісі қолынан қаза тапқанын растап, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

“Биыл 7 қазанда полиция қызметкерлері ер адамның өлімі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір іске қатысы бар тұлғаларды ұстау үшін қажетті тергеу және жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізілцп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жалғасуда”, – деп мәлімдеді полиция.

Әлеуметтік желіде жануарларды қорғаушылар ер адамның желке тұсынан оқ атқаны туралы ақпарат тарады.

Айтуыларынша, қайтыс болғаны туралы медициналық куәлікте өлім себебі ретінде кісі өлтіру көрсетілген, ал сот-медициналық сараптама атыс қаруынан алған жарақаттардың бар екенін растаған.

Тергеу барысын Алматы облысы полиция департаментінің басшылығы өз бақылауына алды. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.