Теміртауда пәтерден ер адам мен әйелдің мәйіті табылды. Оларды өлтірді деген күдікпен марқұмдардың 20 жастағы ұлы ұсталды, деп хабарлайды Қарағанды облысының полиция департаменті.
7 қазанда Теміртау қаласындағы Республика даңғылында орналасқан пәтерлердің бірінен 52 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйелдің мәйіті табылған.
"Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен марқұмдардың 20 жастағы ұлын анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады полиция.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.