Шымкентте құбыр төсеу жұмыстары кезінде екі жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды paryz.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, 20-22 жастағы екі жұмысшы құдық ішінде ауа құрамындағы зиянды заттан уланып, көз жұмған.
– Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуына жауапты тұлғалар анықталып жатыр, – деп хабарлады Шымкент қаласының полиция департаменті.
Полиция өзге мәліметтердің Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайтынын мәлімдеді.