Алматы облысында жол ережесін өрескел бұзып, кортеж ұйымдастырған адам жауапкершіліккетартылды, деп хабарлайды paryz.kz.
Алматы облысының полициясының мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 22 жастағы Диас Әділбековтің Шымкентте жүргені анықталды. Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
- Диас Әділбеков негізгі көліктің соңынан бірінші болып жеткен жүргізушіге 600 доллар сыйақы ұсынған. Кейін кортеж қатысушылары жалпы пайдаланымдағы жолдарда Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндірген, - деп мәлімдеді Алматы облыстық ПД.
Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, кінәлі тұлғаларды заңда белгіленген жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.