Көкшетауда жұмысшы баспалдақ алаңынан құлап, жарақат алды. Оқиғаға қатысты полиция мен еңбек инспекциясы пікір білдірді, деп хабарлайды paryz.kz.
Қалалық полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сондай-ақ оқиғаға қатысты Ақмола облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті пікір білдірді.
"Аталған жағдай бойынша Ақмола облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментіне жұмыс берушіден жазатайым оқиға туралы хабарлама түскен жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Жұмыс берушінің жазатайым оқиға фактісі туралы хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, сондай-ақ жазатайым оқиға фактісі туралы хабарлама беру бөлігінде нұсқаманы орындау көзделген", - деп мәлімдеді ведомстводағылар.