Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Ұлытау облысында жеке үйдің ауласында 100 бума шөп жанып кетті

Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында жеке тұрғын үйдің ауласында өрт шықты. Оқиға Степная көшесіндегі «Горняк» саяжай алқабында болған, деп хабарлайды paryz.kz.

Ұлытау облысында жеке үйдің ауласында 100 бума шөп жанып кетті
Фото: видиодан скриншот

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер үй аумағында жиналған 100 бума шөптің жанып жатқанын анықтаған.

ТЖМ қызметкерлері өртті жедел сөндірді. Оған «Серіктес» ЖШС қызметкерлері мен жергілікті атқарушы орган өкілдері де қатысты. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.