Ақтөбе қаласында 35 жастағы әйел кісі қолынан қаза тапты. Шабуыл сәтінен видео желіде тарады, деп хабарлайды paryz.kz.
Кісі өлтірді деген күдікпен Атыраудың 28 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицияның мәліметінше, ер адам мен марқұм таныс болған.
"Араларында туындаған жанжал барысында ер адам әйелге пышақ жарақатын салған. Алған жарақаттарынан әйел оқиға орнында көз жұмды", - дейді Ақтөбе полициясы.
Полиция қылмыстық іс қозғап, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.