Прямая трансляция

Астана

Астана

12.26°C

ШҚО-да жеке үйде өрт шығып, әйел екі баласымен көз жұмды

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы Бобровка ауылында тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды paryz.kz.

ШҚО-да жеке үйде өрт шығып, әйел екі баласымен көз жұмды
Фото: pixabay

Өртті сөндіру барысында әйел адамның және екі кәмелетке толмаған баланың денелері табылды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жедел жетті.

Құтқарушылар келген кезде тұрғын үй толығымен отқа оранып, шатырдың бір бөлігі құлаған. Өрт 63 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.