Прямая трансляция

Астана

Астана

18°C

Екібастұзда қайғылы жағдай болды

Екібастұздағы үй ауласында алты жасар баланы көлік қағып, көз жұмды. Қайғылы оқиға 19 қыркүйек күні кешке болды, деп хабарлайды paryz.kz.

Екібастұзда қайғылы жағдай болды
Фото: Ap photo

Алдын ала мәліметтер бойынша, бала велосипедпен жүргенде оны көлік қағып кеткен. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері баланы құтқара алмады. Бұл фактіні Павлодар облыстық полиция департаментінде растады.

"Кәмелетке толмаған баланың өліміне әкеп соққан жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінде.

Қазіргі уақытта қайтыс болған баланың туыстары оқиға куәгерлерін іздестіріп жатыр.