Прямая трансляция

Астана

Астана

22°C

Ақтөбе облысында жүк көлігі пойызбен соқтығысты

16 қыркүйекте Ақтөбе облысындағы Әйтеке би станциясы маңындағы теміржол өткелінде жүк көлігі мен жүк пойызы соқтығысты, деп хабарлайды paryz.kz.

Ақтөбе облысында жүк көлігі пойызбен соқтығысты
Фото: ҰҚК

Оқиға "Қарабұтақ – Қостанай" облыстық маңызы бар автожолының Темірбек Жүргенов – Қостанай бағытындағы учаскесінде болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі жүк пойызының тепловозымен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі жеңіл дене жарақатын алып, аудандық ауруханаға жеткізілді. 

Басқа зардап шеккендер жоқ. Апатқа байланысты "Қарабұтақ – Қостанай" автожолының осы учаскесінде көлік қозғалысы уақытша шектелді. Құзырлы қызметтер жолды босатып, қозғалысты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Полиция жүргізушілерге теміржол өткелдерінде бағдаршам мен шлагбаум сигналдарының талаптарын қатаң сақтауды ескертті.