Прямая трансляция

Астана

Астана

18°C

Астанада ерлі-зайыпты жұп балалардың көзінше жан тапсырды

Отбасылық Жанжал кезінде 55 жастағы ер адам 53 жастағы әйеліне пышақ жарақатын салып, артынша өзіне қол жұмсаған. Екеуі де оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды paryz.kz.

Астанада ерлі-зайыпты жұп балалардың көзінше жан тапсырды
Фото: видиодан скриншот

"Криминальный Казахстан" паблигінің мәліметінше, қайғылы жағдай "Шығыс" тұрғын үй кешенінде болған. "Көршілердің айтуынша, оқиға 12 және 14 жастағы екі баланың көзінше болған", - делінген жазбада. NUR.KZ тілшісі Астана қалалық полиция департаментіне сауал жолдады.

Ведомство ақпаратты растады. 

"Адам өлтіру және суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ерлі-зайыпты арасындағы жанжал кезінде 55 жастағы ер адам 53 жастағы әйелін пышақтап, артынша өзіне де пышақ жарақатын салғаны анықталды. Алған жарақатынан екеуі де оқиға орнында көз жұмды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу жүргізілуде. "Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - деді полициядағылар.