Прямая трансляция

Астана

Астана

17°C

Жамбыл облысындағы арнайы операция: жасырын алқап табылды

Жамбыл облысында полицейлер Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен бірлесіп ірі есірткі алқабын жою бойынша арнайы операция өткізді, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасаған paryz.kz.

Жамбыл облысындағы арнайы операция: жасырын алқап табылды
Фото: видиодан скриншот

ІІМ-нің ақпараттық медиапорталының мәліметінше, өңірдің құмды алқабына жақын аумақта автономды электр қуатымен жабдықталған және суару жүйесімен қамтылған, үнді қарасорасы өсірілгені анықталған. Жасырын алқапты анықтау үшін әуе барлауы қолданылған.

Ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен және жедел қызметкерлердің үйлесімді іс-қимылдарының нәтижесінде күдікті қылмыс үстінде ұсталған. Күдікті бұрын бірнеше рет сотты болған Тараз қаласының 40 жастағы тұрғыны болып шыққан. 

"Ол құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өңдеп, басқа өңірлерге апарып көтерме бағамен сатуды көздеген", - деп жазады басылым. 

Тінту барысында жалпы салмағы 438 келі болатын биіктігі екі метрден астам 50 түп қарасора, қаптама материалдар және арнайы агротехникалық жабдықтар тәркіленген. Сондай-ақ 12 калибрлі Байкал мылтығы, оған арналған оқ-дәрілер және есірткі тасымалдауға пайдаланылған жол талғамайтын автокөлік тәркіленген. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 300 және 287-баптары бойынша (құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсіру, заңсыз қару сақтау) қылмыстық істер қозғалған.