Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл елді мекенінде адам сүйектері табылды, деп хабарлайды paryz.kz.
"8 қыркүйекте экскаватор операторы екі бас сүйек пен басқа да сүйек қалдықтарын тапты. Қылмыстық сипаттағы белгілер анықталған жоқ. Қазіргі кезде қаңқалары кімге тиесілі екенін анықтау үшін сараптама жасалып жатыр ", - дейді Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті.