Прямая трансляция

Астана

Астана

15°C

Атырауда дроннан күдікті зат салынған 11 пакет табылды

Атырау қаласында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5546 әскери бөлімінің әскери қызметшісі түйіншегі бар ұшқышсыз ұшу аппаратын анықтады.

Атырауда дроннан күдікті зат салынған 11 пакет табылды
Фото: видиодан скриншот

Сағат 08:30 шамасында лейтенант Мирас Исказиев қылмыстық-атқару жүйесінің №15 мекемесінен шамамен бір шақырым қашықтықта қызмет атқарып жүріп, жерде жатқан орамы бар ұшқышсыз ұшу аппаратын байқаған.

Тексеру барысында түйіншектің ішінде өсімдік тектес, жасыл түсті зат салынған 11 пакет бары анықталды. Әскери қызметші табылған зат туралы дереу кезекші қызмет арқылы баяндады.

Оқиға орнында тиісті қауіпсіздік шаралары қабылданып, табылған зат одан әрі жүргізілетін іс-шаралар үшін құзыретті органдарға тапсырылды.

Ұландық әскери қызметшінің қырағылығының арқасында күдікті зат дер кезінде анықталып, тиісті қауіпсіздік шаралары қабылданды. Оқиға бойынша одан әрі тексеру жұмыстары белгіленген тәртіппен жүргізілуде.