Прямая трансляция

Астана

Астана

17°C

Ақтөбеде ер адам «көлікпен қағып кеттің» деп жүргізушілерден ақша бопсалаған

Ақтөбеде ер адам жүргізушілерді алдаудың ерекше тәсілін ойлап тапқан. Ол жаяу жүргіншілер өткелінде өзін көлік қағып кеткендей көрсетіп, жол-көлік оқиғасының көрінісін ойнаған, деп хабарлайды paryz.kz.

Ақтөбеде ер адам «көлікпен қағып кеттің» деп жүргізушілерден ақша бопсалаған
Фото: видиодан скриншот

Жиенбаев және Ташкент көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер өткелінде ер адам көлік өзін қағып кеткендей кейіп танытқан. Кейін жүргізушілерге жол-көлік оқиғасы салдарынан дене жарақатын алғанын айтып, ақша талап еткен.

Тексеру барысында оның осындай әрекетке екі рет барғаны анықталды. Оның сөзіне сенген жүргізушілер мобильді қосымша арқылы ақша аударған. Бір жағдайда- 250 мың теңге, екінші жағдайда - 200 мың теңге. Келтірілген жалпы шығын көлемі 450 мың теңгені құрады. Жүргізушілердің бірі кейін болған жағдайды қайта ой елегінен өткізіп, полицияға жүгінуді шешкен. Тексеру барысында ақпарат расталып, ер адамның жеке басы анықталып, күдікті ретінде танылды, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.