Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында құрғақ шөп өртенуі кезінде өрт сөндіруші қаза болды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
"Татран" қыстау ауданында құрғақ шөп өртенген.
"Өртті жою бойынша жұмыстарды жүргізу барысында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері жарақат алды. Жәнібек ауылының аудандық ауруханасына жеткізілді, онда көрсетілген медициналық көмекке қарамастан алған жарақаттарынан қайтыс болды", - дейді департаментте.
Оқиға фактісі бойынша тиісті тексеру жүріп жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті қаза тапқан қызметкердің отбасына барлық қажетті көмек пен қолдау, оның ішінде жерлеуді ұйымдастыруға жәрдем көрсетті, дейді төтенше жағдайлар департаментінде.