Прямая трансляция

Астана

Астана

18°C

Семей тұрғыны TikTok эфирі үшін 5 тәулікке қамалды

Абай облысында TikTok желісіндегі тікелей эфир кезінде былапыт сөз айтып, алкоголь ішкен 53 жастағы Семей тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды paryz.kz.

Семей тұрғыны TikTok эфирі үшін 5 тәулікке қамалды
Фото: видиодан скриншот

Полиция әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында әйелдің тікелей эфирін анықтаған. Эфирді шамамен 12 мың адам көрген.

Кадрларда әйел адамның былапыт сөздер айтып, алкогольдік ішімдік ішкенін әдейі көрсеткені және айналасындағыларға құрметсіздік танытқаны байқалған. Полиция оның жеке басын жедел анықтады.

Ол Семей қаласының 53 жастағы тұрғыны Мәдина Баяхметова болып шықты. Сот әйелді ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алды. Полиция оның жасы ескерілгенін хабарлады.