Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

ОҚИҒА бүгін, 18.11.2025 09:56 Обновлять, 18.11.2025 14:16

Ұлытау облысында мал ұрлығымен айналысқан студенттер ұсталды

Ұлытауда мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды paryz.kz.

Ұлытау облысында мал ұрлығымен айналысқан студенттер ұсталды
Polisia.kz

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Жаңаарқа ауданында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді. Белгілі болғандай, топ құрамында Жаңаарқа ауданы мен Қарағанды қаласының 18-22 жас аралығындағы тұрғындары болған.

Тергеу барысында осы жылдың қыркүйек-қараша айларында күдіктілер ауданда бірнеше рет мал ұрлағаны анықталды.

«Күдіктілер түнгі уақытта жайылып жүрген малды атып өлтіріп, оларды бөліп алған. Сондай-ақ шаруашылық аумақтарына ұрлыққа түскен. Тергеу нәтижесінде олардың жеті ірі қара мен екі атты ұрлағаны дәлелденді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады Ұлытау облысының ПД баспасөз қызметі.