Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

ОҚИҒА бүгін, 05.12.2025 11:28 Обновлять, 07.12.2025 05:43

Жүргізуші куәлігі жоқ ақтөбелік жолаушы тасымалдаумен айналысқан

Ақтөбе облысында жүргізуші куәлігінен айырылған адам жолаушы тасымалдаумен айналысқан, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Жүргізуші куәлігі жоқ ақтөбелік жолаушы тасымалдаумен айналысқан
Фото: istockphoto.com

Ол "Қауіпсіз жол" жедел-іс-шарасы кезінде Ақтөбе – Астрахань жолында ұсталды.

"Тексеру кезінде көлік жүргізушісінің бұған дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Соған қарамастан ол Шұбарқұдық – Ақтөбе бағыты бойынша жолаушылар тасымалдауды жалғастырған", - дейді ведомство.

Шағын автобустың салонында 16 жолаушы болған. Жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалды.