Шымкентте ер адам досымен бәстесіп, 26 қалам жұтып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды paryz.kz.
Біраз уақыттан соң оның асқазаны мен ішек тұсы қатты ауырып, №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген. 38 жастағы науқасты тексеру кезінде дәрігерлер оның асқазанынан көптеген бөгде зат тапқан.
Мамандар эндоскопиялық (тілусіз) ота жасап, барлығы 26 қаламды сәтті алып шықты. Қазіргі сәтте науқастың жағдайы қанағаттанарлық, ол бақылаудан кейін үйіне жіберілді.
Дәрігерлер азаматтарға денсаулыққа қауіп төндіретін әрекеттерге бармауды және әдейі бөгде заттарды жұтпау керегін ескертті.