«ҚазАвтоЖол» Алматы облысында алапат өртке байланысты республикалық тасжол жабылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Paryz.kz.
Компания мәліметінше, 15 қыркүйек сағат 22:30-да Алматы облысында «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 29-38 шақырымында (Байсерке көпірінен Әли көпіріне дейін) барлық көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.
«Шектеудің себебі – жол бойындағы полигон аумағында шыққан өрт салдарынан түтіннің таралуы және көріну қашықтығының нашарлауы. Жолды ашу уақыты: 2025 жылғы 16 қыркүйек, сағат 07:00», - делінген хабарламада.