Прямая трансляция

Астана

Астана

20°C

Шымкент зообағында түйеқұсқа түкірген жігіт табылды

25 мамыр күні Шымкент зообағында шамамен сағат 18:00-де келушілердің бірі қоршаудан асып өтіп, түйеқұсты теуіп жіберіп, басқа жануарларды әдейі қорқытқан, деп хабарлайды paryz.kz.

Шымкент зообағында түйеқұсқа түкірген жігіт табылды
фото: видеодан скриншот

Оқиға басқа келушінің ұялы телефонына түсірілген. Бұл бейнежазба әлеуметтік желіде кеңінен таралып, қоғамда резонанс тудырды.

Бұл істі кәмелетке толмаған жасөспірім жасағаны белгілі болды. Зообақтағы тәртіп бұзғаны үшін ол жазаға тартылды.

"Құқықбұзушы анықталды – ол кәмелетке толмаған жасөспірім болып шықты. Ол ата-анасының қатысуымен түсініктеме жазды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады полиция.