Өскемен қаласында өрт сөндіруге келген құтқарушы үшінші қабаттан құлады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады. Өрт сөндіруші алдымен биік баспалдақпен шыққан.
Одан кейін "штурмовка" деп аталатын тағы бір қысқа баспалдақты іліп, жоғары қарай шығамын дегенде жерге құлаған. Ресми мәліметке сәйкес, бұл оқиға 5 мамырда Өскемен қаласында болған. Красин көшесіндегі үйдің төртінші қабатында өрт шыққан. Автобаспалдағы бар көлік барған. Бірақ құтқарушылар қалың ағаштың салдарынан оны қолдана алмады.
Содан қол баспалдақпен шығуға тура келді. Сол кезде бір құтқарушы құлап кеткен. Оған бірден алғашқы көмек көрсетілді.
"Оны трамватологиялық бөлімге жеткізді. Диагнозы: табан сүйегінің сынуы. Қазіргі кезде жағдайы жақсы, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қызметтік тексеріс басталды", - дейді мамандар.
Құтқарушылар өртті дер кезінде өшірді. Соның арқасында тілсіз жау жоғары қабаттағы пәтерлерге тараған жоқ.