Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

ОҚИҒА бүгін, 18.11.2025 11:24 Обновлять, 18.11.2025 18:39

Екібастұзда егде жастағы тәрбиеші баланы көрпемен тұншықтырып ұйықтатпақ болған

Әлеуметтік желіде Екібастұз қаласындағы балабақшалардың бірінде бүлдіршінді аяусыз ұрып-соққан тәрбиешінің видеосы тарады.

Екібастұзда егде жастағы тәрбиеші баланы көрпемен тұншықтырып ұйықтатпақ болған
фото: видеодан скриншот

Желідегі жазбада бұл оқиға «Сәби сити» балабақшасында болғаны айтылған.

— Оқиға жекеменшік балабақшада болған. Тергеу шаралары жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады», — делінген білім бөлімінің хабарламасында.

Сонымен қатар, видеоның астына баланың аяусыз соққыға жығылғаны туралы пікірлер жазылған.

— Видеодағы менің жиенім. Ол екі жасқа да толмаған. Болған оқиғаның жартысы ғана видеоға түсіп қалған. Бұдан да сорақысы болған. Бала ұйқтағысы келмегені үшін осылай жасаған. Басқа біреудің баласын бұлай қорлауға қандай құқығы бар? Бала психологиялық түрде де ауыр соққы алды», — делінген пікірлерде. 

https://kaz.inform.kz/news/ekbastuzdagi-balabakshada-balani-ayausiz-urip-sokkan-tarbiesh-videoga-tusp-kaldi-49776d/