Прямая трансляция

Астана

Астана

4.45°C

Қызылордада қарақұйрық аулаған браконьерлер ұсталды

Ұзамай инспекторлар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқ атқан браконьерлерді де ұстады.

Қызылордада қарақұйрық аулаған браконьерлер ұсталды
фото: ашық дереккөз

Қызылордада табиғат қорғау инспекторлары тексерген көліктен Қызыл кітапқа енген қарақұйрықтың ұшасы табылған. Алайда тағы екі адам келіп инспекторларға мылтықтан оқ атып, қарақұйрық ұшасын тартып алып кеткен деп хабарлайды Paryz.kz. 

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Telegram каналында жарияланды.

Браконьерліктің жолын кесу бойынша рейд барысында «Охотзоопром» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының инспекторлары Жалағаш ауданының Төгіскен жерінде Шардара ауданының Шәкілі ауылының тұрғынын ұстаған.

Тексеру кезінде ұсталған адамның көлігінен Қызыл кітапқа енгізілген қарақұйрықтың ұшасы табылды. Күдікті ұсталған жерге жедел-тергеу тобы шақырылды. Инспекторлар полиция қызметкерлерін күтіп тұрғанда Қызылорда қаласының екі тұрғыны оқиға орнына келіп, инспекторлардың қызметтік көліктерінің бірінің дөңгелегіне мылтықтан оқ атқан. Содан кейін инспекторларға қауіп төндіріп, қарақұйрық ұшасын алып кеткен, - делінген хабарламада.

Ұзамай инспекторлар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқ атқан браконьерлерді де ұстады.

Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабының 4-тармағы («Заңсыз аң аулау») және 380-бабының 2-тармағы («Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану») бойынша Жалағаш аудандық полиция бөлімшесінде қамауға алынды. 

 

«Менің ұстазым – менің мақтанышым!»: Желіде бастауыш сынып мұғаліміне арналған әсерлі видео тарады «Менің ұстазым – менің мақтанышым!»: Желіде бастауыш сынып мұғаліміне арналған әсерлі видео тарады «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды