Прямая трансляция

Астана

Астана

4.67°C

Шымкентте соққан дауыл бірнеше ғимараттың шатырын ұшырып әкетті (ВИДЕО)

Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы бүлінген шатырдың жалпы аумағы 585 шаршы метрді құрағанын айтты.

Шымкентте соққан дауыл бірнеше ғимараттың шатырын ұшырып әкетті (ВИДЕО)
фото: дереккөз

Шымкентте соққан қатты дауыл сегіз көп қабатты үй мен тағы бірнеше жеке ғимараттың шатырын ұшырып жіберді деп хабарлайды Paryz.kz, қаланың ТЖД қоғаммен байланыс тобына сілтеме жасап.

6 маусым күні Шымкентте дауылды ескерту жарияланған. Осы күні желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді деп күтілген. ТЖД мәліметінше, бұл туралы тұрғындарға 5 маусымда ескертілген. Алайда желдің нақты жылдамдығы жоғары болған. Салдарынан бірнеше үйге, соның ішінде жеке үйлерге де зиян келтірілді.

"6 маусым күні кешкі сағат 18:25 пен 18:36 аралығында Шымкентте желдің жылдамдығы 15-тен 28 м/с дейін жетті. Салдарынан Абай ауданындағы бір коммерциялық нысанның, әл-Фараби ауданындағы бір бес қабатты үйдің, Еңбекші ауданындағы төрт бес қабатты үйдің және Қаратау ауданындағы бір бес қабатты үйдің шатыры ұшып кетті. Жалпы 8 көпқабатты үйге зиян келтірілді. Одан бөлек, Қаратау және Еңбекші аудандарындағы төрт жеке ғимараттың шатыры ұшқаны тіркелді", - дейді Төтенше жағдайлар департаменті.

Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы бүлінген шатырдың жалпы аумағы 585 шаршы метрді құрағанын айтты. Сондай-ақ 36 шаршы алаңдағы көпқабатты тұрғын үйдің қаптамасы жұлынып кеткен. Шатырлар мен қаптамалардан басқа ағаштар да құлаған. Мұның барлығы сегіз көлікке зақым келтірген. Төтенше жағдайдың салдарын жою үшін ТЖД 25 қызметкері мен 6 техника жұмылдырылған. Оқиғадан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты.

«Менің ұстазым – менің мақтанышым!»: Желіде бастауыш сынып мұғаліміне арналған әсерлі видео тарады «Менің ұстазым – менің мақтанышым!»: Желіде бастауыш сынып мұғаліміне арналған әсерлі видео тарады «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды