Прямая трансляция

Астана

Астана

13.63°C

Петропавлда әлеуметтік қызметкер 83 жастағы әжені алдап, үйін тартып алған

Кейуананың Мәскеуде тұратын немересі оған хабарласа алмаған көрінеді.

Петропавлда әлеуметтік қызметкер 83 жастағы әжені алдап, үйін тартып алған
Фото: видеодан скриншот

Петропавлда әлеуметтік көмек қызметкері 83 жастағы әжейді алдап, оның атындағы үйін өзіне аударып алған. Онымен қоймай, жалғыз тұратын кейуананы қарттай үйіне өткізіп жіберген, деп хабарлайды Paryz.kz Астана арнасына сілтеме жасап. 

83 жастағы Людмила Носиктің қарттар үйінде екенін ешкім білмеген. Оған хабарласа алмаған туыстары бірінші болып дабыл қаққан. Кейіннен анықталғандай, әжей екі бөлмелі пәтерін оны төрт ай бойы қараған күтушінің атына рәсімдеп жіберген. 

"Мен ешнәрсе жазған жоқпын, барлығын өздері рәсімдеп алды. Мені емделу керек деп қарттар үйіне өткізіп тастады", - дейді петропавлдық қария. 

Кейуананың Мәскеуде тұратын немересі оған хабарласа алмаған көрінеді. Оның жоғалып кеткенін көршілері де байқапты. Тіпті, құтқарушыларды шақыртып, үйінің есігін бұзып ашқан. Алайда үйдің ішінде ешкім болмаған. Туыстары әжейдің суретін қарттар үйінің әлеуметтік желідегі парақшасынан байқап қалыпты. 

"Әжем ешнәрсе білмейді ғой, қолына берген қағазға қол қоя салады. Құжаттардың барлығында өзге біреудің жазуы анық байқалады. Тек өзінің тегін ғана жаздыртып алыпты. Менің ойымша, мұндай жағдайға тек менің әжем тап болған жоқ. 83 жасында баспанасыз қалады кім ойлаған", - дейді кейуананың немересі Наталья Среда. 

Людмила Носик екі апта бойы қарттар үйінде болған. Қазір туыстарының қолында. Ол теміржолшы болып қызмет атқарған, баспана да жұмыс тарапынан беріліпті. Десек те әжейдің үйін тартып алған әлеуметтік қызметкер пәтерді қайтарудан бас тартып отырған көрінеді. 

«Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды